Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды әуежайы жабылды

Хабар 24
Желтоқсанның 24-і күні таңертең жаңбырдан кейін әуежайдың ұшу-қону жолағына мұз қатты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды әуежайы жабылды, деп хабарлады Хабар 24 ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды қаласының әуежайы жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де жабылды. Желтоқсанның 24-і күні таңертең жаңбырдан кейін әуежайдың ұшу-қону жолағына мұз қатты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 24 желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін ішкі және халықаралық рейстер кейінге шегерілді және тоқтатылды. Әуежай қызметі мұзды кетіру үшін 11 тонна реагент пайдаланды. Сондай-ақ қазіргі уақытта әуежай қызметкерлері мұзды қол күшімен кетіру үшін жеке құрамды жұмылдырды. Жауын-шашын мен қатты соққан жел жағдайды күрделендіріп тұр. Жолаушыларға ұшуды жоспарлаған әуе компанияларының байланыс нөмірлеріне хабарласып, рейстердің жағдайын алдын ала анықтап алу ұсынылады» делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды