Үкімет «Қазақфильмді» қазынадан қаржыландыруды тоқтатпақ

Өйткені киностудияның табысынан шығыны көп.

Фото: tengrinews.kz27 Желтоқсан 2017, , 10:45

Үкімет "Қазақфильмді" қазынадан қаржыландыруды тоқтатпақ, - деп хабарлайды Zakon.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Өйткені киностудияның табысынан шығыны көп. Оның орнына Мәдениет министрлігі мемлекеттік "Кино қорын" құрғалы жатыр.

Отандық фильмдерге бөлінетін бар ақша сол қорға аударылады. Бастапқы бюджеті - 4 жарым миллиард теңге. Қаржының қалай жұмсалғаны және оның қайтарымы жіті бақылауға алынбақ. Сондай-ақ, билеттен түскен табысты да қадағалайтын бірыңғай жүйе құрылады. Режиссерлер болса, тапсырыс алған соң шығармашылық сәтсіздіктерге байланысты туынды ойдағыдай түсірілмеді деп ақтала алмайды. Алған ақшаға қалай да есеп беруі тиіс. Мәдениет министрлігі әзірлеген киноөндірісі туралы жаңа заң жобасының талабы осындай. Ал "Қазақфильм" өз күнін өзі көруі тиіс. Министрлік жаңа заң қабылданса, Қазақстанды голливудтық фильмдер түсіретін аймаққа айналдырамыз деп те мақтанып еді. Алайда депутаттар шенеуніктерге алдымен қазақ тіліндегі киноларды жарылқауға кеңес берді.

"Басқа шетелдік кинолары келіп жатады. Сол киноларды біз осы қай уақытта қазақ тіліне аударып, пракатка шығарамыз? Сосын тағы бір мәселе бар. Бізде кейбір кинотуындылар қазақ тіліне аударылады. Бірақ ешқашан прайм тайм уақытқа қоймайды. Қоятыны тал түсте: 12, 2-де. Оған кім барады? Барлық баратын аудитория кешкісін барады. Бұны қалай шеше аласыздар? - деді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ