Келесі жылы көліктің VIP нөмірлері қымбаттайды

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу үшін бұрынғыша 2,8 АЕК (2018 жылы 6734 теңге) бекітілген.

Фото: 27 Желтоқсан 2017, , 14:07

Қазақстанда 2018 жылдан бастап көліктің «керемет» нөмірлері қымбаттайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріне төленетін баж салығы – 2,8 АЕК болып қалды (2018 жылы 6734 теңге).

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соған сәйкес автокөліктің VIP нөмірлеріне салынатын баж салығы қымбаттайды.

Ал қазіргі қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 (мемлекеттік органдардың автокөлік нөмірлерін қоспағанда) мемлекеттік нөмірлер 137 АЕК немесе 310 853 теңге (2017 жылы) болды.

Бұдан басқа цифрлы белгісі бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерге 228 АЕК немесе 517 332 теңге (2017 жылы) төлеу керек.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу үшін бұрынғыша 2,8 АЕК (2018 жылы 6734 теңге) бекітілген.

Мұнымен қоса, VIP нөмірлердің тізімі ұлғайды. Нөмір қаншалықты «керемет» болса, соншалықты көбірек ақша төлеу керек:

010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік нөмірлеріне 57 АЕК немесе 137 085 теңге (2018 жылы).Дәл осы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлер, тек артында келетін әріптері бірдей болса, 114 АЕК немесе 274 170 теңге төлеу керек;100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері 137 АЕК немесе 329 485 теңге тұрады;100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері бірдей әріптермен 194 АЕК немесе 466 570 теңге болады;001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірлері 228 АЕК немесе 548 340 теңге;001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерін бірдей әріптермен 285 АЕК немесе 685 425 теңгеге алуға болады;Әріптері бірдей мемлекеттік нөмірлер (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 707, 777, 800, 888, 900, 999 нөмірлерді қоспағанда) 57 АЕК немесе 137 085 теңге тұрады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ