Алматы зообағындағы арыстан өліп қалды

Sputniknews.kz
Біз үшін ол зообағымыздың патшасы еді - Ержан Еркінбаев.

Алматы зообағында арыстан өлді. Бұл туралы зообақтың директоры Ержан Еркінбаев хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

"Арыстанның өліміне қанның қатерлі дерті себеп болған. Хан есімді арыстан зообақққа Франциядан 2004 жылы әкелінген. Соңғы бірнеше күн ішінде жағдайы нашарлап кетті. Жыртқыштар үйінде госпиталь жасадық. Қажетті диагностикалық аппараттар қойдық. Диагностика жасау үшін Ханға наркоз берілген еді. Физиологиялық өзгерістер арыстанның өмір сүре алмайтынын көрсеткен. Жыртқыштың жүрегі наркоздан шықпай жатып тоқтап қалды. Өте өкінішті, Хан небәрі 15 жаста еді. Біз үшін ол зообағымыздың патшасы еді», - деп жазды зообақ директоры Instagram парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды