Қарағандыда науқас аурухананың 5-қабатынан құлап кетті

Ол өзіне-өзі қол жұмсаған ба, әлде жазатайым оқиға ма оны полиция анықтайды.

Фото: 28 Желтоқсан 2017, , 14:04

Қарағандының Майқұдық ауданындағы №1 ауруханада бесінші қабаттағы терезеден науқас құлап, мерт болды, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қайғылы оқиға палатада дәрігерлер жоқ кезде болған.

«Медицина қызметкерлері ол кезде қызметтік міндеттемелерін орындап жатқандықтан, науқастың қасында болмаған. Палаталарда 300-дей науқас бар. Әрбірінің басына бір-бірден медбике қарап тұра алмайды. Кезекші қызметкерлердің іс-әрекетінде қойылған талаптар бұзылмаған», - деді аурухана директоры Дмитрий Чернов.

Науқастың қандай сырқаттан емделіп жатқаны дәрігерлік құпия ретінде қалды. Ол өзіне-өзі қол жұмсаған ба, әлде жазатайым оқиға ма оны полиция анықтайды.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ