Қазақстан Рохинджа мұсылмандарына жарты миллион доллар жібереді

Қазақстан Мьянмадағы оқиғаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысқан болатын.

Фото: 28 Желтоқсан 2017, , 15:03

Қазақстан Рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек жібереді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев шұғыл резервте тұрған 500 мың доллар (166 млн теңге) қаржыны аударуға шешім шығарды, - деп жазады Stan.kz.

Жіберілетін қаражат Қазақстан немесе басқа елдердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін осы жылы республикалық бюджеттен бөлінген болатын. Бюджеттен бөлінген қаражат шұғыл резервте сақталып келді.

Бұған дейін, Қазақстан Мьянмадағы оқиғаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысқан болатын.

Онда БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фелтман БҰҰ басшысының баяндамасын хабарлады. Баяндамада Мьянмадағы зорлық-зомбылықтан босқындар саны көбейіп, ауылдар өртеніп жатқанын мәлімдеді. Осы жылдың 25 тамызынан бастап Мьянма шекарасынан Банладешке 626 мыңнан астам босқын өткені мәлім болған еді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ