Қырғызстанда дискотекаға барған 100-ден астам бала уланып қалды

Газдан улану салдарынан Шу аумақтық ауруханасына 110 адам қаралды, оның төртеуі мұғалім.

Фото: ҚазАқпарат28 Желтоқсан 2017, , 17:09

Кегеті ауылындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары генератор газынан уланып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

27 желтоқсан күні мектеп спортзалында дискотека ұйымдастырған 7-8 сынып оқушылары, электр тоғының болмауына байланысты генератор қолданған.

Би кеші барысында балалар бастарының ауырғанын сезіп, жүректері айни бастаған. Газдан улану салдарынан Шу аумақтық ауруханасына 110 адам қаралды, оның төртеуі мұғалім.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 38 адам ауруханаға, тағы үш оқушы жансақтау бөліміне жатқызылған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ