Шымкентте өзеннен сәбидің мәйіті табылды

Сурет: zakon.kz
Қыз баланың өлі денесін өзенді қоқыстан тазартып жүрген жұмысшылап тауып алған.

Шымкенттегі Қошқар ата өзенінен кішкентай шақалақтың мәйіті табылды деп хабарлады Sn.kz TVK телеарнасына сілтеме жасап.

Қыз баланың өлі денесін өзенді қоқыстан тазартып жүрген жұмысшылап тауып алған.

ЛТД "Тұрмыс" коммуналды мекемесінің қызметкерлері 27 желтоқсан күні санат 14:30 шамасында өзеннің қоқысын сүзуге арналған темір торларды тазалау барысында кішкентай нәрестенің өлі денесін тапқан және дереу полицияға хабар берген.

"Біз өзеннің Республика даңғылымен өтетін жағындағы темір торды тазалап жатқанбыз. Шамамен 5 айлық қыз баланың мәйітін тауып алдық. Мен бригадирге хабар бердім, ол полицияны шақырды", - дейді оқиғаның куәгері.

Мәйітті тексерген мамандар оның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілерін тапқан жоқ. Соған қарағанда, оны суға әдейі тастап жіберген болуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды