Астананың 3 тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Фото: Baq.kz29 Желтоқсан 2017, , 09:23

28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде терроризмді насихаттау деген күдікпен Астана қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған тұлғалар өз ортасында халықаралық террористік ұйымдарды қолдау мен олардың іс-әрекеттеріне қатысу үшін шетелге баруға шақырған.

Қазіргі таңда сұрау, тінту және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық топпен байланысты өзге де тұлғалардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ