Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Тengrinews.kz
Тек елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында қар жаумайды.

Атмосфералық фронтальды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында қар жаумайды. Қазақстанның кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде жекелеген аудандарда боран, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін ұйтқиды. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі деп болжануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды