ЭКСПО аумағында керемет жаңа жылдық бағдарлама өтеді

Түрлі сайыстар мен тамаша сыйлықтар, дәу қуыршақтар және т.б. қызықтар көп болмақ.

Фото: Sputniknews.kz29 Желтоқсан 2017, , 12:33

Жаңа жыл түні ЭКСПО көрмесі аумағында Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған керемет ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

31 желтоқсанда сағат 21:00 мен 03.00 аралығында еліміздің бас шыршасы маңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Түнгі сағат он екіде отшашу басталмақ.

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ЭКСПО мұз айдынында әртүрлі сайыстар мен ұтыстар ұйымдастырылады, аниматорлар мен дәу қуыршақтар балалардың көңілін көтеріп, қайталанбас мереке сыйлайды:

29 желтоқсан – 12:00-17:00, 18:00-23:00;30 желтоқсан – 14:30-18:00, 19:30-23:00;31 желтоқсан – 14:30-18:00;1 қаңтар – 12:00-17:00, 18:00-23:00;2 қаңтар – 14:30-18:00, 19:30-23:00.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ