Байқоңырдан ұшырылған Ангола спутнигі қайта байланысқа шықты

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен штаттық режимде ұшырылған «Ангосат» ғарыштық аппаратымен байланыс орнатылмаған еді.

Фото: 29 Желтоқсан 2017, , 16:05

«Энергия» Ресей зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары 26 желтоқсан күні Байқоңырдан ұшырылған «Ангосат-1» спутнигімен қайта байланыс орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dw.com сайтына сілтеме жасап.

Мамандар бірнеше күннен бері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен штаттық режимде ұшырылған «Ангосат» ғарыштық аппаратымен байланыс орната алмаған еді. Олар мұны хабарлағыш, цифрлық есептеуіш машина немесе батарея аккумуляторларының дұрыс жұмыс істемеуімен байланыстырды. Кейін Ресей зымыран-ғарыш корпорациясы спутникпен байланыс орнатып, одан телеметрия алғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 26 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппаратының штаттық режимде ұшырылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«Ангосат» ғарыштық аппараты - Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық спутник. Аталған аппарат Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамымен жасалынды. «Ангосат» ғарыштық аппаратының белсенді жұмыс істеуінің кепілді мерзімі - 15 жыл, оның салмағы - 1 685 кг.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ