Құдыққа құлап кеткен әйел жер астында қалған баланы құтқарып қалды

Туыстары жасөпірімді 24 желтоқсаннан бастап іздеп келген.

Фото: Stan.kz29 Желтоқсан 2017, , 16:22

Іс-түссіз жоғалып кеткен 10 жасар баланы абайсызда құдыққа құлап кеткен әйел тауып алды, - деп жазады Stan.kz.

Туыстары жасөпірімді 24 желтоқсаннан бастап іздеп келген. Құдыққа құлап кеткен бала көмекке шақырғанымен, оның жан айқайын ешкім естімепті. Оқиға Татарстанның Черемшан ауылында болған.

Бұл туралы Татарстан Республикасы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің сайтында хабарланды.

Құдыққа құлап кеткен соң, боран болып, оның бетін қар басып қалған. Сондықтан да жеткіншекті ешкім таба алмаған көрінеді. Оны іздеуге бас-аяғы 120 адам жұмылдырылыпты.

Черемшан ауданы, азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Гулия Яруллина қар басып қалған люкке абайсызда түсіп кеткен. Жарақат алған әйелдің омыртқасы сынған, соған қарамастан ол баланы алып шыққан. Мамандардың айтуынша, енді бір сағатқа қалған жағдайда, жасөспірім үсіп қалуы мүмкін еді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ