Астанада таксилердің нөмірі бірыңғай түске ауысады

Хабар 24
Сонымен бірге алдағы уақытта қаладағы такси көліктері газға көшіріледі.

Алдағы жылы Астанадағы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасы қолданылмақ. Бұл туралы Хабар 24 елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылы таксилердің мемлекеттік нөмірлеріне бірыңғай түстер гаммасын қолдану бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткіштері бойынша, дамыған барлық елде автомобиль таксилерімен жолаушылар мен багаждарды заңды тасымалдайтын такси көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне бірыңғай түсті гамма қолданылады. Осындай жаңа енгізулер жолаушылар мен қадағалау органдарына заңсыз тасымалдаушылар арасында ресми таксилерді ажыратуға мүмкіндік береді», – делінген Жолаушылар көлігі басқармасының хабарламасында.

Сонымен бірге алдағы уақытта қаладағы такси көліктері газға көшіріледі.

Бүгінгі күні 150 көлікке газбалондық құрал орнатылды. 2018 жылы шамамен 500 такси автомобилін газға ауыстыру жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды