Ақмолада төсекте жатып шылым шеккен екі ағайынды тірідей жанып кетті

Ағайындылардың кішісі - 1 топ мүгедегі.

Фото: Тoday.kz3 Қаңтар 2018, , 14:19

Ақмола облысы Атбасар ауданының Родионовка ауылында өрт кезінде екі ағайынды қаза болды, деп хабарлайды Today.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық полицияның баспасөз қызметінің "Интерфакс-Қазақстанға" берген ақпары бойынша, сейсенбі күні жер үйде өрт шыққан. Өртті сөндіру кезінде 1966 және 1971 жылы туылған екі ағайындының денесі табылған. Ағайындылардың кішісі - 1 топ мүгедегі.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға төсекте жатып шылым шегу себеп болған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ