Павлодар облысында қария жерлесінен 10 мың доллар мен үш жылқы бопсалаған

Рavlodarnews.kz
Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды.

Павлодар облысында арнайы іс-шара өткізу барысында бопсалау қылмысын жасады деген күдікпен 62 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға Шарбақты ауылының тұрғыны жүгінген.

Оның айтуынша, бөтен азамат одан үш бас жылқы және 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы қорқытып алған.

- Осы арыз бойынша шұғыл тергеу және арнайы іс-шаралар басталды, - деді баспасөз қызметінде. - Желтоқсан айының бірі күні күдіктінің талабы бойынша арызданушы оған жылқыларды берген, ал бірнеше күннен кейін талап етілген ақшалай қаражаттың жартысын, яғни 5 000 АҚШ долларын әкеп берген. Ол қылмыс үстінде ұсталды. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы «бопсалау» фактісі бойынша тергеу басталды. Сотпен күдіктіні қамауға рұқсат етілді.

Жеке тінту барысында ұсталған адам 5 000 АҚШ долларын өз еркімен бергені анықталды. Оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде алдында арызданушының талабы бойынша берілген жылқылар табылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды