Перуде жол апатынан қаза тапқандар саны елу бірге жетті

55 адам отырған жолаушылар автобусы биіктігі жүз метр болатын құздан құлады.

Фото: Вaq.kz4 Қаңтар 2018, , 09:41

Перуде сейсенбі күні болған жол апаты салдарынан мерт болғандар саны 51-ге жетті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Құтқарушылар Пасамайо ауданында болған оқыс оқиға орнынан табылған мәйіттер саны елу бірге жеткенін хабарлады. Жол көлік оқиғасын мамандар дронның көмегімен бақылады», - делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қаза тапқандар саны 48-ге жеткені хабарланған еді. Мәйіттерді жинау шарасы бір тәуліктен астам уақытқа созылды.

Сейсенбі күні кешкі уақытта 55 адам отырған жолаушылар автобусы биіктігі жүз метр болатын құздан құлады. Аталған аймақты жергілікті тұрғындар «Шайтан бұрылысы» деп атап кеткен. Бұған жол апатының көп орын алуы себеп.

Әзірге алты адам тірі қалды. Бірақ, олардың бесеуінің жағдайы ауыр немесе өте ауыр деп бағалануда. Автобустағы жолаушылар санының нақты қанша болғаны әзірге белгісіз.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ