Алматы облысында сотталушыға жіберілген аяқ киімнің ішінен есірткі табылды

Zakon.kz
Кроссовканың ұлтарағының астынан 65 грамм гашиш табылды.

Алматы облысында Заречный кентіндегі түзету мекемесінде отырған сотталушыға ішіне есірткі салынған аяқ киім жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/4 түзету мекемесінің қызметкерлері сотталушыға жіберілген сәлемдемені тексеру барысында, қысқы кроссовканың ұлтарағының астынан целлофанға оралған белгісіз зат тауып алды. Арнайы сараптама табылған заттың салмағы 65 грамм гашиш екендігін анықтады», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аталған іс бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

Осыған ұқсас оқиға Павлодар облысында да тіркеліп отыр.

«Павлодардағы тергеу изоляторының сәлемдеме тапсыру бөлмесінде қала тұрғыны қолға түсті. Оның қамауда отырған адамға тапсырған заттарын тексеру барысында тосаптан босаған пластмасса ыдыстан марихуана табылды. Арнайы сараптама табылған ораманың есірткі екендігін анықтады», - деп хабарлайды ҚАЖ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды