Шымкентте есірткі сатумен айналысқан 50 жастағы күдікті ұсталды

Күдіктінің үйін тінту кезінде 9 орама қағаз өсімдік тектес, марихуана есірткісіне ұқсас зат тәркіленді.

Фото: Baq.kz4 Қаңтар 2018, , 14:08

Шымкент қаласының полицейлері марихуана есірткі затын сатумен айналысқан 50 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласында ОҚО Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында есірткі затын сақтады деген күдікпен 1968 жылы туған күдіктіні ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде 9 орама қағаз өсімдік тектес, марихуана есірткісіне ұқсас зат тәркіленді.

Сот-криминалды сараптамасына сәйкес тәркіленген зат салмағы 40 грамнан асатын марихуана есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ