Петропавлда құбырдың жарылуынан тұрғын үйлер сусыз қалды

Қазір мамандар жағдайдың алдын алу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Фото: Хабар 244 Қаңтар 2018, , 15:37

Петропавлда 15 көп пәтерлі тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысан сусыз қалды. Қатты аяз салдарынан қаланың орталық көшелерінің бірінде су құбыры жарылған, - деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға түнгі сағат 03:15-те болды. Апат салдарынан бірнеше көше мұз айдынына айналған. Қазір мамандар жағдайдың алдын алу жұмыстарымен айналысып жатыр. Болжам бойынша диаметрі 800 миллиметрлік құбыр сыр берген. Ал тұрғындарға тіршілік нәрі арнайы көліктермен жеткізілуде.

- Мына құбырды біз қараша-желтоқсан айларында ғана жаңасына ауыстырғанбыз. Ақау осы жерден шықты деген болжам бар. Қазір 4 бригада, 12 арнайы техника осы жерде жұмыс істеп жатыр. Кешке дейін барлық олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз, - деді сумен қамту кәсіпорнының техникалық директоры Арман Сауытов.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ