Мұхтар Әуезов театрының директоры парамен ұсталды

newtimes.kz
Театр директоры кінәсін толық мойындағандықтан қамалған жоқ.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Театр директоры парамен ұсталды. Алматы қаласында заңды тұлғадан 1,5 млн теңге сомасында пара алу барысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры ұсталды. Ол жаңажылдық кезеңде театр базасында балаларға арналған қойылымдарды қоюға жалға беру үшін пара алған. Театр директоры кінәсін толық мойындағандықтан қамалған жоқ», - дейді ҚР Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 2015 жылы 27 сәуірде Ерлан Біләл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымына тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды