Ресей азаматы есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан өтпек болған

Есірткіні еліне тасығысы келген ресейлік осындай айла ойлап тапқан.

Фото: Sputniknews.kz5 Қаңтар 2018, , 14:32

Есірткіні әтір құтысына салып, шекарадан аспақ болған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шарбақты авто" өткізу бекетінің жасағы қызметтік иттің көмегімен Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматын ұстады, ол әтірдің құтысына марихуана салып, шекарадан аспақ болған. Ұсталған тұлға Қазақстаннан Ресейге Toyota Avensis көлігімен кетіп бара жатқан", — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі атап өткендей, тінту барысында әтір құтысынан 3 грамм марихуана табылыпты.

Сол күні Ресейдің тағы бір азаматы шекаралық бақылауда есірткімен ұсталған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ