Каспий жағалауының суы қызыл түске боялды

Хабар 24
Қатты дауыл тұрып, теңіз балдырлары жағаға соғылған.

Ақтаудың оңтүстік жағы қып-қызыл болып жатыр, - деп хабарлайды Хабар 24.

Шаһарда мұндай құбылыс жыл сайын байқалады. Қатты дауыл тұрып, теңіз балдырлары жағаға соғылған. Ұрылған өсімдіктердің әсерінен су осындай түске боялады. Оның үстіне қазір күн жылынып, балдырлар тез көбейіп жатыр. Бастапқы жылдары «теңізге қан төгілген» деп үйрейленген тұрғындар бүгінде бұл көрініске үйренген. Суретке түсіп, табиғат құбылысын тамашалайды.

Биологтардың айтуынша, қызыл балдырларда йод көп болады екен. Сондықтан мамандар йод жетіспейтін жандар үшін жағалауда тынығып, таза ауамен тыныстаудың өте пайдалы екенін айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды