Павлодар облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады - ІІД

Рavlodarnews.kz
Оқиға бүгін таңертеңгі 9:00 шамасында орын алған.

Павлодар облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңертеңгі 9:00 шамасында орын алған.

- Павлодар - Шарбақты тас жолында Жетекші ауылының азаматын ауруханаға алып бара жатқан қызметтік көлік жыраға түсіп кеткен, - дейді баспасөз қызметінде. – Сол бағыт бойынша қатынаған өзге де жүргізушілер жедел жәрдем көлігін жырадан алып шығуға көмек көрсеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратына сүйенсек, науқасқа бүйрек шаншуы диагнозы қойылған.

Айта кетейік, өткен аптада Павлодар-Успен республикалық автожолында, Ресей Федерациясы шекарасының учаскесінде, Алматы-Новосібір бағыты бойынша "Volvo" көлігі істен шықты. Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге құтқару шараларын жүргізді.

Автокөлік жүргізушілеріне ыстық тамақ және жылы киімдер ұсынылды. Көліктің техникалық ақауы жойылғаннан кейін көлік сапарын жалғастырды. Құтқару шараларына ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен жүк автомобилін сүйреу үшін бір техника АЦ-40 (131) және жергілікті атқарушы органдарынан екі адам жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды