Астанада балалар орталығынан ақша ұрлаған жігіт іздестірілуде

Белгісіз біреу балалар орталығынан ірі көлемде ақша ұрлап, бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Фото: Sputniknews.kz8 Қаңтар 2018, , 17:18

Астана полициясы қала тұрғындарынан балалар орталығынан ақша ұрлаған ұрыны ұстауға көмек сұрайды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар орталығының басшысы полицияға 5 қаңтар күні сағат 13.30 шамасында белгісіз біреу кассадан ақша ұрлағанын айтып, арызданған.

"Холлда қызметкердің жоқ екенін пайдаланып, қаскүнем әкімшілік орын-жайындағы үстелден шамамен 90 мың теңгені ұрлап кеткен", — деп хабарлады ІІД.

"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Астана қаласының ішкі істер департаменті аталған қылмысты жасаған күдіктінің кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды. Қандай да бір ақпарат білетіндер 8 (7172) 716710, 8 (7172) 716711 ("Алматы" ауданы ІІБ кезекші бөлімі) телефондары арқылы немесе 102-ге хабарласуына болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ