Назарбаев: Қазақстанда базалық зейнетақы 1,8 есе көбейеді

ult.kz
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.

Қазақстанда базалық зейнетақы 1,8 есе көбейеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында айтты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады. Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30-50 пайызға көбейеді", - деді Назарбаев.

"2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді. Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті", - деп атап өтті Елбасы.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды