Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды

Әуежай Астана уақытымен 13.00-ге дейін жұмысын тоқтатты.

Фото: 11 Қаңтар 2018, , 10:30

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Жолаушыларға ұшу рейстерін анықтау үшін авиакомпанияның қызмет көрсету орталығына хабарласу ұсынылады.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Астана қаласында боранның соғуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды. Астанадан бес бағытқа шығатын жол жабылды. 11 қаңтар күні еліміздің бес облысында боран болады деп күтілуде.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ