Қасымов: Ауа райының қолайсыздығына байланысты жағдай бақылауға алынды

Көмек қажет болса, қосымша күштер тартылады.

Фото: 11 Қаңтар 2018, , 12:20

Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстың жолдары жабылғанын әрі аталған жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бірқатар облыста жел күшейіп, боран соғуда. Осы орайда жол қозғалысына шектеу қойылып, жағдай бақылауға алынды. Қазіргі таңда Астанада барлық бағыт бойынша жолдар жабылып, барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды. Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстарында жолдар жабық", - деді министр.

Министрдің айтуынша, барлық жолдарда бақылау бекеттері орнатылған, онда патрульдік жол полициясы тұр. Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару қызметі өз жұмысын атқаруда.

"Астана мен жоғарыда аталған облыс орталықтарында әрі елді мекендерде төтенше жағдайлар қызметкерлері жолдарды қардан тазалауға коммуналық қызметке және жолдағы көліктерге көмектесуде. Көмек қажет болса, қосымша күштер тартылады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз, тұрғындар ауа райына қатысты ақпаратты үздіксіз алып отыр", - деп атап өтті Қасымов.

ҚР Премьер-министрі Б. Сағынтаев жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ