Қарағанды-Астана тас жолында қатып қалған автобустан қырық жолаушы құтқарылды

Автобус Шымкенттен Астанаға келе жатқан. Жолаушылар қазір Теміртауда.

Фото: Sputniknews.kz11 Қаңтар 2018, , 14:24

Шымкент-Астана бағдары бойынша келе жатқан автобус Қарағанды мен Теміртау арасында жолда қатып қалып, жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды Теміртау қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы Арман Алпысбаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құтқарушылардың пікірінше, жолаушылар мінген автобустың тоқтап қалғаны туралы хабар таңғы жеті кезінде түскен. Оқиға орнына құтқарушылар аттандырылыпты.

"Қатып қалған автобустың қырық жолаушысы құтқарылды. Олар Теміртау қаласына жеткізілген, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", — деп мәлімет берді Алпысбаев.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына жолда қалып қойған басқа да адамдардан қоңырау әлі де түсіп жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ