Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүруге кеңес берілді

Sputniknews.kz
Билік өкілдері халыққа көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілетінін ескертіп, жол шетінде тұрған көліктерді алып тастауды сұрады.

Алматыда бүгіннен бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін толастамайтын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

"Бүгін 2018 жылдың 11 қаңтарынан бастап жауған қар 16 қаңтарға дейін созылады, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автокөлік иелерінен көшені қардан тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде тұрған көліктерін алып тастауды сұрайды", — деп хабарлайды әкімдік.

Автокөлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қоғамдық көлікпен жүре тұруға кеңес берілді.

"Жеке көлікпен жүру қажеттілігі туындаса, жылдамдықты төмендетіп, көлік араларындағы қашықтықты сақтауға, шұғыл бұрылыс жасамауға шақырамыз", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды