Ер адамдар көліктің ішінде отырып алып, көмектесуді де білмейді - аудан әкімі

Әлеуметтік желіде тараған видео Арман Тұрлұбектің ашуына тиді.

Фото: 11 Қаңтар 2018, , 16:16

"Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлұбек Астана тұрғындарын сабырлы болуға, бір-біріне мейірімді болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті қала тұрғындары! Ауа райы қолайсыз болған күндері барынша шыдамды болып, жолда қатты боранның салдарынан жүре алмай тұрған адамдарды көрсеңдер бір-біріңе көмек қолын созыңдар. Көлік тоқтап қалса, адамдарды жел ұшырып жатса көмектесіңдер, жылы шырай танытып, мейірімді болыңдар!" - деп жазды Тұрлұбек Facebook парақшасында.

Бүгін әлеуметтік желіде тараған видео Арман Тұрлұбектің ашуына тиді.

"Ер адамдар көліктің ішінде отырып алып видеоға түсіріп отыр, шығып көмектесуді білмейді. Ол аздай ерінбей видеоға әуенді де қосып қойған", - деді әкім.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ