Қазақстанда көлік ережесіне айыппұлдың 5 жаңа түрі енгізілді

Өзгеріске ұшыраған жаңа заң 9 қаңтардан бастап күшіне енді.

Фото: egemen.kz11 Қаңтар 2018, , 17:06

Қазақстанда әкімшілік құқық бұзулышылық туралы Кодекске көлік саласына қатысты түзетулер енгізілді. Өзгеріске ұшыраған жаңа заң 9 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«9 қаңтар күні ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске көлік саласына қатысты енген өзгерістер заңдық күшіне енді” , – делінген мәлімдемеде.

Сонымен, 9 қаңтардан бастап:

– Темір жол арқылы жүк, жолжүгін тасымалдау бойынша құқық бұзу ережесі өзгерді (571 баптың жаңа 4-бөлімі); ол бойынша физикалық тұлғаларға – 5, лауазымды тұлғаларға -10, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

– жүк тасымалдау жүзеге асқан жағдайда тасымалдаушы тауарлы-транспортты жүкқұжатты, жол-сапар қағазын бермесе, физикалық тұлғаға – 20, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

– ЕЭО мүше-мемлекеттердің көлікті бақылау уәкілетті органы берген ескертпені орындамай, халықаралық автомобиль тасымалын жасаған шетелдік тасымалдаушылар үшін, сонымен қатар ескерту хатта белгіленген бағдардан ауытқығаны үшін (573 баптың 6 тармағы) 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

– Тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген тартқышқа немесе жүк автомобиліне айырбастауды (тіркемелеу) жүзеге асырғаны үшін (573 баптың 7 тармағы) жүргізушілерге – 200 АЕК, заңдық тұлғаларға – 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

– шағын көлемді кемеде немесе буксирге алынған жүзу құралында құтқару құралдарын кимей және тақпай жеке шағын көлемді кемемен басқарған жағдайда (582 баптың 5 тармағы) физикалық тұлғаларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, Кодекстің 593 бабының 6 тармағы, 574 бап (жолаушылар тізімінің жоқтығы), 576 бап (республика ішінде тұрақты емес тасымал жасайтын жүргізушілерде келісім-шарттың болмауы), 584 баптың 1 тармағы (сүңгуір жұмыстары кезінде сигнал беру ережесін бұзу), 609 бап (қажетті куәліксіз жолаушы тасымалдау).

Салмақ параметрлері асып кеткен жағдайда төленетін айыппұл көлемі 10-20 АЕК-ге төмендеді. Алдағы уақытта жүк салмағы 1 тоннадан асқан жағдайда жауапкершілікке тартылады.

Бұдан бөлек, баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық рұқсат қағазы жоқ шетелдік жүргізушілер тасымал жасаған айыппұл көрсеткіші 25 АЕК-тен 200 АЕК-ке көтерілді. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында каботажды жүк тасымалдаған шетелдік тасымалдаушыларға 100 АЕК көлемінде бірыңғай айыппұл енгізілді.

1 АЕК = 2 405 теңге.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ