Елімізде ақша айырбастау пунктерінің жұмыс ережесі өзгерді

Ұлттық банктің қаулысы пунктердің жарғылық капиталын ұлғайтуды көздейді.

Фото: Sputniknews.kz11 Қаңтар 2018, , 17:21

ҚР Ұлттық банкі айырбастау пунктерінің жұмыс ережесіне өзгерістер енгізіп, оларды ең төменгі жарғылық қордың мөлшерін ұлғайтуға міндеттеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаулыға сәйкес, өкілетті ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Астана мен Алматы қалаларында орналасқан әр ақша айырбастау пункті үшін 30 миллион теңгені, облыстардың әкімшілік орталығында орналасқан пунктердің әрбірі үшін 20 миллион теңгені, басқа жердегі ақша айырбастау пунктері үшін 10 миллион теңгені құрайды", — делінген хабарламада.

Өзгерістер 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ