Бүгін Астанада оқушыларға сабақ тоқтатылмайды

Астана қаласы Білім басқармасы елорда тұрғындарын әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Фото: El.kz12 Қаңтар 2018, , 09:30

Астана әкімшілігі 12 қаңтар күні елордада мектептер мен колледждегі сабақтар тоқтатылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы Білім басқармасының сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті ата-аналар! Бүгін, 12 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады. Қазгидромет деректері бойынша, ауа райы -13 градус, желдің екпіні 5 м/с», - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласы Білім басқармасы елорда тұрғындарын әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Еске сала кетейік, кеше Астанада боран болып, салдарынан мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған болатын.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ