Армениялық спортшы қыз шашымен көлік сүйреді

Видео қаһарманы 16 жаста.

Фото: Baq.kz12 Қаңтар 2018, , 10:29

Армениялық спортшы қыз Карина Саргсян шашымен көлік сүйреді, деп хабарлайды Вaq.kz. Видеоны Уoutube желісіне Григорий Шубенков есімді қолданушы жүктеді.

Спортшы қыз бұл мүмкіндігін Ереванда 25 желтоқсан күні көрсеткен.

Каринаның айтуынша, көлікті шашымен тартқандар көп, бірақ ешкім мұны автомобильге бетімен қарап, қарама-қарсы тұрып жасамаған. Шашпен тартуға арналған арнайы бекіткішті әкесі дайындапты. Спортшының туыстары мұндай күш оған әкесінен дарыған деп есептейді. Өйткені оның әкесі қолы және қарнына жіп тағып, кішкентай кеме мен ұшақты сүйреген.

Видео қаһарманы 16 жаста. Ол бокспен айналысады. Каринаның басты арманы – спорттың осы түрінен әлем чемпионы болу.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ