Елімізде жасөспірімдерді әскери есепке алу басталды

Алматыда 5 жарым мыңнан аса жасөспірім наурыз айына дейін тексеріледі.

Фото: Хабар 2412 Қаңтар 2018, , 14:49

Бұл – Қазақстанның Қарулы Күштері қатарында қызмет ететін болашақ әскери қызметшілердің алғашқы сынағы, деп жазады Хабар 24.

Алматыда 5 жарым мыңнан аса жасөспірім және бұрын тіркеуден өтпей қалған азаматтар наурыз айына дейін тексеріледі. Қалалық қорғаныс істері басқармасында жастардың денсаулығын кәсіби мамандардан құралған арнайы комиссия қарайды. Әлжуаз балалар тұрғылықты жері бойынша емханаларға жіберіледі. Сонымен қатар әскери қызметкерлер әр баламен жеке әңгімелесіп, әскери қызметтің қыр-сырымен таныстырады. Осылайша мамандар болашақ сарбаздың әскери саланың қай тармағына бейімі бар екенін анықтайды.

- Әскери тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, олардың денсаулық жағдайлары анықталады. Білім деңгейі. Ары қарай өмірде алға қойған мақсаттары туралы зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Және де осы жұмыстардың кезінде біз Қазақстан Қарулы Күштерінің институттарына түсуге үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз, - дейді қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент директоры Амантай Өсербаев.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ