Павлодар облысында ерлі-зайыптылар өрттің құрбаны болды

Тілсіз жауды сөндіру барысында 64 және 59 жастағы ер адам мен әйел адамның денелері табылды.

Фото: 16 Қаңтар 2018, , 10:51

Павлодар қаласына іргелес орналасқан Теміржолшылар кентінде ерлі-зайыптылар өрттен көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кленовая көшесі, 110/1 мекенжайы бойынша екі пәтерлік бір қабатты төрт бөлмелі үйде жиһаздар мен терезе жақтауы, есік, кірпіштен салынған құрылыс жанған. Қызыл жалын 70 шаршы метрді шарпып, төбесі опырылып түскен.

- Тілсіз жауды сөндіру барысында 64 және 59 жастағы ер адам мен әйел адамның денелері табылды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайдың орын алуына электр құралдарын дұрыс пайдаланбау себеп болған, - деді департаментте.

Өрт шыққаны туралы хабарлама «112» нөміріне сағат 12.52-де түскен. Сағат 03.21-де толығымен сөндірілген. Оқиға орнында №34 және № 1 өрт сөндіру бөлімдерінен және Усолка шағын ауданында жеке орналасқан №2 өрт сөндіру бекетінен бес техника мен 15 адам жұмыс істеді.

Бұдан басқа, аурухананың қабылдау бөлімінің кезекшісі таңғы сағат 05.25-те облыстық балалар ауруханасына бүгін сағат 4.25-те Ленин кентінен екі қыз баланың жеткізілгені туралы қоңырау шалған.

«Түрлі деңгейде ысты газбен улану» диагнозы қойылған екі қыз баланың жасы 15-те. Қазіргі таңда олар соматика бөлімінде ем қабылдауда. Пешті дұрыс қолданбау салдарынан жеткіншектер осындай жағдайға тап болған.

- Соңғы кездері тұрғындар үйді жылыту кезінде отынды үнемдеу мақсатында пештің мұржасын ерте жауып тастайды. Осыған байланысты алдын алу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, соңы қайғылы аяқталатын жағдайлар жиілеген, - дейді баспасөз қызметінде.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ