Шымкентте улы газдан үш бала тұншығып, олардың бірі қайтыс болды

Уланған балалар үш үйдің балалары.

Фото: Sn.kz16 Қаңтар 2018, , 17:41

Шымкентте табиғи газдан үш бала уланып, екі жасар сәби қайтыс болды. Оқыс оқиға Сайрам тұрғын алабында орын алған, деп жазады Otyrar.kz.

Уланған балалар үш үйдің балалары. Олардың екеуіне дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп аман алып қалған. Екі жасар сәби болса дәрігерлер жеткенше көз жұмыпты. Жедел жәрдем мамандары тек оның қайтыс болғанын тіркеуден өзге ешнәрсе істей алмағандарын айтады.

Жеке тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты төтеншеліктер тексеру жұмыстарын жүргізді. Анықталғаны, бұл үйде табиғи газ тартылған жылыту қазандығынан ахау шығыпты.

«Он бесінші қаңтар күні таңғы сағат жетілер шамасында «102» пультіне жеке тұрғын үйлердің бірінде үш бала уланып қалғаны туралы хабар түсті. Жеке тұрғын үйде 2009, 2013, 2015 жылы улы газбен уланған. Біреуі оқиға орнында қайтыс болды», - дейді ОҚО ТЖД бас маманы Зарипа Абдулаева.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ