Шымкентте несиені пайыздық үстемесіз жауып беремін деген алаяқ ұсталды

Полицияға алаяққа алданып қалдым деген 10-нан астам адам арызданған.

Фото: Baq.kz17 Қаңтар 2018, , 10:33

Оңтүстік Қазақстан облысында несие алған адамдарға оны үстеме пайызсыз жауып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды. Оның 15 алаяқтық қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, жұртты алдап кеткен 1985 жылғы Алматы қаласының тұрғыны ұсталған.

Полицияға алаяққа алданып қалдым деген 10-нан астам адам арызданған.

«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, 32 жастағы ер азамат шағын несие беру орталығында жұмыс істеп, клиенттерге 16 мыңнан 100 мыңға дейінгі сомада несие алып берген. Кейін алаяқ тұтынушыларға несиені пайызсыз рәсімдеуге ұсыныс білдіріп, өз атына ашқан есепшотына аудартқан. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 15 жайтына қатысы бар екені белгілі болды. Жалпы келтірілген шығын көлемі шамамен жарты миллионды құрап отыр», - дейді ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190 бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуды ескертеді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ