2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды

Соған орай Алматыда «Алтын көпір» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Ұлы Жібек жолы – рухани байланыстың алтын көпірі» атты кездесу өтті.

Фото: Хабар 2417 Қаңтар 2018, , 14:12

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланған, деп хабарлайды Хабар 24.

Соған орай Алматыда «Алтын көпір» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Ұлы Жібек жолы – рухани байланыстың алтын көпірі» атты кездесу өтті. Онда көрші елдер арасындағы тамыры терең тарихи байланысты зерттеп жүрген ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Өзбек тарихшысы Абдулахат Каһаров «Орталық Азиядағы ислам дінінің кең таралуы қазақ жерінен басталған», – дейді. Яғни Хижра жыл санауы бойынша 1290 жыл бұрын Шам қаласынан шығысқа бет алған ағартушылар бүгінгі Шымкент маңындағы Сиқым ауылына табан тірейді. Содан бері Ұлы жібек жолы бойында ислам дінін уағыздаушылар пайда болған. Осы тарихи дерекке сүйенген ғалымдар еліміздегі Шығыстану институтымен бірлесіп, «Исламдық рухани мұра: кеше және бүгін» атты халықаралық ғылыми жобаны қолға алмақ.

– Жоба аясында қазақ ғалымдарымен бірлесіп, Ұлы Жібек жолындағы ислам дінінің таралуын зерттейтін экспедиция жасауды жоспарлап отырмыз. Ол тарих үшін аса маңызды. Жалпы бұл құрылтай рухани байланысты нығайтып, мәдени сабақтастықты жалғастыруға бағытталған игі шара деп білемін, - дейді тарих ғылымдарының докторы Абдулахат Каһаров.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ