Христиандардың суға шомылу діни рәсімі Астанада 4 жерде өтеді

«Крещение Господня» діни мейрамына орай, Астанада барлық шіркеулерде құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді.

Фото: ҚазАқпарат17 Қаңтар 2018, , 14:54

Астанада 18 қаңтар күні кешке православ қауымы үшін суға шомылу діни рәсімі өтеді. Астаналықтар қаланың 4 жерінде белгіленген аумақта суға сүңги алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

«Крещение Господня» діни мейрамына орай, Астанада барлық шіркеулерде құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді. 2018 жылдың 18 қаңтарында сағат 19:30-да діни қызметкерлер және шіркеуге келушілер Константин және Елена атындағы соборынан Есіл өзенінің жағалауына дейін жаяу жүріп өтеді», деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында.

Сонымен бірге, оң жағалауда М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің және сол жағалауда «Столичный» саябағы маңындағы жағалауда (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің маңы) суға түсуге арналған орындар әзірленген.

Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және Ішкі істер департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл күні жедел жәрдем көліктері де кезекшілік жасайды.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ