Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдер автосалоны ашылды

Әйелдерге арналған автосалонға келушілерге тек әйелдер қызмет көрсетеді.

Фото: Stan.kz17 Қаңтар 2018, , 15:52

Сауд Арабиясының Джидда қаласында әйелдерге арналғын алғашқы автосалон ашылды. Елде күзден бастап әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілген еді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Әйелдер Le Mall сауда үйіндегі әр түрлі шарлармен безендірілген залдағы көліктер көрмесін тамашалап, олармен суретке түсті.

“Мен негізі көлікке қызығамын. Бірақ, бұрын біздің көлік айдауға құқығымыз болмады. Қазір өзіме ұнайтын, бағасы қатты қымбат емес көлік сатып алғым келеді”, - дейді Гада аль-Али есімді көрмеге келуші.

Әйелдерге арналған автосалонға келушілерге тек әйелдер қызмет көрсетеді. Бұл сауда орталығын басқарушы да, кассир де, мейрамхана қызметкерлері де әйел адамдар. 2017 жылдың қыркүйегінде Сауд Арабиясының королі әйелдерге ер адамдармен қатар көлік жүргізуге рұқсат беру туралы заңға қол қойды. Бұған дейін бұл ел әлем бойынша көлік айдауға тыйым салынған жалғыз ел болатын.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ