Алматыда жаңа экологиялық автобустар жолға шықты

Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Автобустар видеобақылау камераларымен, кондиционерлермен, пандустармен жабдықталған.

Алматыда көлікті реформалау аясында қоғамдық көліктерді жаңарту жүргізіліп жатыр. Бүгін Евро-5 экологиялық санатындағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап «Қазақфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы - алты минут. Төмен еденді, ұзындығы 9,5 метрлік автобустар видеобақылау камераларымен, кондиционерлермен, пандустармен және жайлылық үшін қажетті тағы басқаларымен жабдықталған.

Болжам бойынша, бұл бағыттағы жолаушы легі 7-ден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

Бұған дейін Алматыда №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан еді. Сондай-ақ №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылды. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді жолаушылар көлігімен толық қамту үшін қосымша 10 бағыт ашылды.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған еді. Олардың 230-ы жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды