79 жастағы ақтөбелік мұз айдынына конькимен шығып, хоккей ойнады

Аktobenews.kz
Ауыл құрамасының бұрынғы үздік ойыншысы әлі де ширақ екенін тағы бір дәлелдеді.

Әйтеке би ауданына қарасты ауылдардың бірінде жаңа хоккей алаңының ашылуы кезінде егде тартқан қарттың мұз үстіндегі қимылы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында ашылып жатырған хоккей алаңына 79 жастағы зейнеткер қарт Валуев Владимир Иванович те қатысып, салтанатты жағдайда лентасын қиды.

Өзінің хоккей таяғымен мұз айдынының алғашқы шайбасын соқты. Ауыл құрамасының бұрынғы үздік ойыншысы әлі де ширақ екенін тағы бір дәлелдеді.

Аталмыш хоккей алаңы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл тұрғындарының өз қаражатына салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды