Дәрігерлер Астанада үсік шалған қыздың жағдайы туралы айтып берді

Sputniknews.kz
Студент қызды I-II дәрежелі үсік шалған.

Астанада үсік шалған студент қыз №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз сейсенбі күні хирургия бөліміне түскен екен.

"ҚазМЗУ студенті бізге 23 қаңтарда сағат 13.05 кезінде түсті. Екі санының алдыңғы жағын I-II дәрежелі үсік шалыпты. Қажетті медициналық көмек көрсетідді. Кеше үйіне қайтардық", — деп хабарлады дәрігерлер.

Қазір бойжеткен дәкесін алмастыру үшін ауруханаға келіп тұрады екен.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде екі аяғы үсіп қалған қыздың суреті тараған болатын. Қолданушылардың айтуынша, бойжеткен қатты аязда жұқа киініп далаға шығыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды