Тасмағамбетов Сергей Лавровпен кездесті

Zakon.kz
Тараптар ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістерді дамыту туралы пікір алмасты.

Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекет елшілерінің дәстүрлі қабылдауында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылы Ресейдің төрағалығы барысында Достастықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, сыртқы саясатты үйлестіруді күшейтуге көп көңіл бөлінетін, көп жоспарлы өзара іс-қимылды күшейту бойынша алдағы уақыттағы қадамдар анықталды.

Тараптар ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістерді дамыту туралы, оның ішінде Достастықты басқа өңірлік ұйымдармен байланыстырудың келешегі туралы пікір алмасты және өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды