ОҚО-да молда мешітте өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды

Zakon.kz
Ер адам ішімдікке салынған, өз-өзіне қол жұмсау арқылы жұрттың назарын аударғысы келіпті.

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам мешітте өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан TVK телеарнасына сілтеме жасап.

Сайрамдағы мешіттің молдасы Тұрсынходжа Ханходжаевтың айтуынша, ол қосалқы үй-жайда қолдары мен мойны кесілген ер адамды тапқан. Дін қызметкері ер адамды үйіне жібермек болыпты, бірақ ол газ шлангісін кесіп жіберіп, өзін өртеген.

Егде жастағы молда отты сөндіріп үлгерді. Кейін жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полицияны шақырған.

Зардап шеккен ер адам өзіне назар аудару үшін мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Мешітке көптен келіп жүр екен, ішімдікке салынған, отбасында қиындықтар бар.

Қазіргі таңда ер адам ауруханаға жатқызылды, әзірге денсаулығына қатысты мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды