Киік атқан үш қызылордалық ұсталды

Хабар 24
Автокөлікті тексеру барысында 10 бас киік аңының тушасы табылған.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 10 киікті атып алған броконьерлер ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Комитеттің баспасөз хатшысы Ділдахмет Сәкеннің айтуынша, 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлері бірлескен қорғау жұмыстары барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта «Toyota Land Cruiser 100» маркалы мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 автокөлікте Қызылорда қаласының үш азаматын құрықтаған.

Автокөлікті тексеру барысында 10 бас киік аңының тушасы (2 аталығы мен 8 бас аналығы) табылған.

Оқиға болған жерге Сырдария АІІ жедел тергеу тобы шақырылды.

Алдын ала келтірілген шығынның сомасы 9 139 000 теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды