Оңтүстік Қазақстанда адам өліміне қатысы бар үш күдікті ұсталды

Сурет: zakon.kz
«Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша алдын-ала тергеу жүріп жатыр.

26 қаңтарда Түркістанның Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын, өз көлігімен жолға шыққан әкесі үйіне барар жолда жоғалып кеткенін айтып жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жоғалған ер адамның қай жерде екенін анықтау мақсатында полиция барлық қажетті шараны жүзеге асырды. Іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары жол-көлік апатына түскен белгілері бар жәбірленушінің көлігін Түркістан қаласының маңынан тапты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ІІД қызметкерлері күдікті үш жас жігітті қолға түсірді. Олар ОҚО тұрғыны, тергеу нәтижесінде жәбірленушінің денесін қай жерге тастап кеткендерін айтты" - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша алдын-ала тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде полиция оқиға туралы барлық жағдайды анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды