Жаңаөзенде танысын ұрып жіберген ер адам 1 млн айыппұл төлейді

Baq.kz
Ер адам қылмыс жасаған жерінен қашып кеткен.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны танысын жұдырықтап, кейін қашып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Сот ер адамның Өркен шағын ауданында орналасқан «Қуаныш» мейрамханасының алдында тұрып танысын жұдырықпен ұрып жібергенін анықтады. Кейін ер адам қылмыс жасаған жерінен қашып кеткен.

«Жаңаөзен қалалық сотымен азамат ҚР ҚК 1-бөлім 293-бап бойынша сотталды. Оған 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Яғни ол 1 134 500 теңге төлеуі тиіс», - делінген Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды